Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің “Tayota Camry 50” маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім, яғни немересі.

Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған жұбайлардың күйеу баласы.

Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру