Ақтөбеде жол-көлік оқиғасын жасап, ізін суытқан жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде мас жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 сәуір күні «Газель» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі «Жаңажол-Қожасай» тас жолының 121 шақырымында «УАЗ» автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Ембі қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу шаралары барысында «Газель» жүргізушісін анықтап, ұстады. Бұрын 2019 жылы жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізу құқығынан айырылғаны және жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын орташа мас күйінде басқарғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі (КО-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ембі қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.