Түркістан облысында жол жүру ережелерін бұзған 10 мотоцикл анықталды
Түркістан облысында жол жүру ережелерін бұзған 10 мотоцикл анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданы ПБ қызметкерлерімен жүргізілген «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бүгінгі күнге дейін жалпы 92 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының күделікті жүргізіп отырған рейдтік жұмыстарының нәтижесінде мотошлемсіз жол жүру ережелерінің талаптарын бұзған 10 «Муравей» мотоциклі анықталды.
Аталған мотоцикл жүргізушілеріне қатысты ӘҚБтК 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыптұраққа жеткізілді.
Сондай-ақ Ордабасы ауданында қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған құқық бұзушылықтардың жалпы анықталғаны – 89. Оның ішінде ӘҚБтК 571-бабымен (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) – 8, 590-бабы (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау) бойынша -10, 590-бабымен (Рейс алдындағы міндетті тех. және медициналық байқаудан өтпеу) -10, 590-бабы (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеу) бойынша – 16, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радио станцияны пайдалануы) – 24, 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша – 15, 230-бабымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) – 4 құқық бұзушылық тіркелсе, жолаушыларды заңсыз тасымалдау жайты бойынша – 1 құқық бұзушылық тіркеліп, 4 – жолаушыларды тасымалдау көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.