Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан 40 көкпар тоқтатылды

Түркістан облысында тәртіп сақшылары жыл басынан бері 40 көкпар ойынын анықтап, тоқтатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жыл басынан бері карантин режимін бұза отырып, ұлттық спорт түрі, көкпар өткізудің 40 жайты анықталған.

Аталған жайттарды рейд барысында анықтаған полицейлер, тиісті шара көрілу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, СЭББ-ға жолдауда. Дегенмен карантиндік шектеу шараларын елемейтін азаматтардың саны азаймауда. Соның салдарынан халықтың денсаулығын қауіпке итермелеуде. Осындай адамдар тобын көптеп жинап, көкпар өткізудің кезекті жайты Төлеби ауданында анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Абай ауылдық округіне рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Абай ауылы маңында 120-ға жуық адамның қатысуымен өткізіліп жатқан “Бата көкпар” тоқтатылып, полиция қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көкпарға жиналған халық бірден тарқатылды.

Көкпарды ұйымдастырушы Төлеби ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімімен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) материалдар жинақталып, әкімшілік хаттама толтыру үшін СЭББ-ға жіберілді. Нәтижесінде құзырлы органмен тұрғынға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауды, бұқаралық спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуден бас тартуға кеңес береді. Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажет. Сондай-ақ, медициналық бетперде тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру