Түркістан облысында зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмектесу мақсатында пилоттық жоба іске асуда
Түркістан облысында зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмектесу мақсатында пилоттық жоба іске асуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Түркістан облысында «Сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету» тақырыбында маңызы зор дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты – Мемлекет басшының Жолдауы бойынша сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру.
Бүгінде елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, оның құрбандарына қолдау көрсету жөнінде тиімді шаралар қабылдануда. Солардың бірі – Қазақстан Республикасының барлық аумағында 10 сәуірден бастап іске асып жатқан пилоттық жоба.
Дөңгелек үстел Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылары, тергеушілер, Әділет департаменті, , Қоғамдық денсаулық сақтау, Адами әлеуетті дамыту, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқармаларының басшылары мен жауапты қызметкерлері, «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігінің және Түркістан қаласында орналасқан «Көмек» дағдарыс орталығының директоры қатысты.
Яғни, дөңгелек үстел барысында жаңадан енгізіліп жатқан пилоттық жоба аясында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар, көмек көрсетудің өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді.
Жиын барысында шешілгені, алдағы уақытта зорлық-зомбылыққа ұшырап, дағдарыс орталығына қабылданған әйелдердің ісін оларға көмек көрсету мен тергеп-тексеруді қажетті мамандар, оның ішінде полиция қызметкерлері сол орталыққа барып, жұмыс атқаратыны шегеленді.
Айта кететін жайт, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен екі жыл бұрын сексуалдық зорлық-зомбылық көргендердің ісін тек әйел тергеушілер қарап, істі жүргізуді қолға алған болатын.