Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 1,5 миллион теңгенің ұрлығын ашты

Түркістан облысының полицейлері металл құбырына қатысты 1,5 миллион теңгенің ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны болғанын айтып арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер шлагбаумды сындырып, жергілікті ұйымның қоймасына кіріп, ұзындығы 9 метр болатын 15 металл құбырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 1,5 миллион теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде көрші мегаполистің тұрғынын ұстады. Жас жігіт кінәсін толық мойындады. Полицейлер күдіктіні Сайрам АПБ-ға жеткізді. Тәртіп сақшылары ұрланған құбырларды заттай дәлел ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың басқа да осыған ұқсас жайттарына қатыстылығын анықтауда.

Сайрам ауданының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ үйлердің, қоймалардың және өзге де үй-жайлардың есіктері мен терезелерін сенімді құлыптар, темір торлармен нығайту қажеттігі ескертеді. Мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыздар. Егер де, Сіз, ұрлықтың немесе басқа да осындай қылмыстардың құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру