Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық қару иелерін тексерді

Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы аумағында 21-30 маусым аралығында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағында заңсыз айналымнан отты атыс қаруын тәркілеуге және қару иелерін оны сақтау ережелерін тексеру. Осы шара аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері аталған акция кезінде аудан бойынша тіркеуде тұрған 500-ге жуық қару иелерін тексерді. Тексеру кезінде бес әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Яғни, екі азаматқа қаруды сақтау мерзімі өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу не оны қайта есепке қою тәртібін бұзу), үш азаматқа қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша хаттама толтырылып, шара көрілді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғындарға заңсыз қару сақтаудағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру керектігін түсіндірді. Яғни, олар үшін әкімшілік не қылмыстық жауапкерлішікке тартылмайтындығын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру