Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері автобөлшектер мен садақа жәшігін жымқырған шымкенттік екі жігітті ұстады

Түркістан облысының полицейлері автобөлшектер мен садақа жәшігін жымқырған шымкенттік екі жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, ұрлықтың құрбаны болғанын жеткізеді. Ер адамның айтуынша, белгісіз адамдар түнгі уақытта оның автокөлік бөлшектер сататын дүкеніне ұрлыққа түскен. Яғни, күдіктілер дүкеннің темір есігінің құлпын күштеп бұзып, заңсыз кіру арқылы әрқайсының құны сегіз мың теңге тұратын үш дана автомагнитоласын, құны 150 мың теңгедей болатын сегіз дана аккумуляторларын, тағы басқада автөбөлшектерді, сондай-ақ ішінде шамамен бес мың теңге ақшасы болған екі дана садақа жәшігін жасырын түрде жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 500 мыңға жуық теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-тің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Ордабасы АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Бейнебақылау камералары тексерілді. Соның нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктілердің автокөлігі түсіп қалған бейнежазбаны табады. Осы арқылы төрт тәулік ішінде Шымкент қаласының тұрғындары, күдікті екеу ұсталды. Олардың бірі үйінен, екіншісі көшеден ұсталып, АПБ-не жеткізілді. Екеуі де бұрын сотты болған жас жігіттер болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер оңай жолмен ақша таппақ болып, Шымкенттен арнайы Ордабасыға ұрлық жасауға келген. Дүкеннің есігін бұзу арқылы кіріп, заттарды алып шыққан.

Аккумуляторларды сатып үлгерген. Өз кезегінде тәртіп сақшылары күдіктілерден ұрланған заттарды тәркілеп алды. Олар өз кінәларын толық мойындады. Екеуі де қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Үйлеріңізге, дүкендеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру