Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған әйелді ұстады

Түркістан облысының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, бұрын соңды таныс емес әйел мүгедектікке шығарып беремін деп сендіріп, 300 мың теңгесін қолма-қол алған. Ал қазіргі таңда күдікті әйелдің не ақшасын қайтармай, не мүгедектікке шығарып бермей жүргенін айтып, шағымданды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстардың барлығын атқарды. Осылайша полиция қызметкерлерінің атқарған жедел шараларының нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар Түркістан қаласының әйел тұрғынын ұстады. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын соңды осындай алаяқтық жайтымен сотталған әйел болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті әйел қамауға алынды. 

Белгілі болғандай күдікті оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осындай мақсатпен бұдан бөлек тағы бір тұрғынға мемлекеттен пәтер алып беремін деп алдап, 100 мың теңге ақшасын алған. Содан соң күдікті әйел хабарсыз кеткен. Осы тұста жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияның көмегіне жүгінді. 
Облыс полицейлері ескертеді, сіз ешкімге жеке басыңызға қатысты мәліметті беруге немесе айтуға міндетті емессіз! Әрбір мәселені тек заң шеңберінде шешуге дағдыланыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру