Түркістан облысының полицейлері ерекше жанның құжатын рәсімдеп берді
Түркістан облысының полицейлері ерекше жанның құжатын рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы аудандық ПБ қызметкерлері еліміздегі карантин режиміне байланысты егде жастағы тұрғындардың денсаулықтарына қауіп төндірмеу мақсатында аудан мен ауыл-аймақтарда, елді-мекендерде тұратын ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға құжат ауыстыру, заңдастыру мәселелері бойынша әрдайым көмек көрсетіп тұрады.
Осындай мәселелермен тексеріс жүргізу барысында, полиция қызметкерлері Ордабасы ауданы Қайнар ауылының тұрғыны, 1-ші топтағы мүгедек Ғани Абитайдың жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігін анықтады. Осыдан кейін көші-қон қызметкерлері, тұрғынның құжаттарын тез арада рәсімдеді. Қысқа мерзімде дайындалған төлқұжатты, Ордабасы АПБ көші-қон қызметкерлері Қайнар ауылындағы Ғани Сапарәліұлының мекен-жайына арнайы барып, қайта рәсімделген жаңа төлқұжатын табыстады.
Өз кезегінде су жаңа куәлік алған жергілікті тұрғын полиция тарапынан осындай тиімді көмек берілгеніне қуанып, полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.