Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері әйелдің алтын сырғасын тартып алған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері әйелдің алтын сырғасын тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші әйел белгісіз біреулердің көше бойында өзінше билік етіп, құны 150 мың теңге болатын алтын сырғасын тартып алғанын көрсеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР-нің ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден оқиға орнына жетті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-ның полицейлері өзінше билік еткен құқық бұзушының жеке басын және тұрғылықты мекен-жайын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Жәбірленушіден заңсыз алынған мүлік иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жанжалдарды болдырмау үшін арадағы мәселелерді заңды түрде шешуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру