Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстарды атқарады.

Мәселен, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі затына ұқсас өсімдікті сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде қағаз орамына оралған есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптама тағайындады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол салмағы бес грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру