Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сайрамдық тұрғындардың бірі есірткі затын сатумен айналысады деген хабарлама келіп түсті. Аталған жайт Сайрам АПБ-ға ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеуге алынды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі затын өткізу қылмысына күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтады. Ол қағазға оралған есірткіге ұқсас затты сатып тұрған жерінен ұсталды. Жедел уәкілдер ұсталған ер адамнан айғақты зат ретінде сатуға ұсынған затты тәркілеп алып, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 5 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден арылып, есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту қажеттігін түсіндіреді.

Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру