Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын тоқтатты

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының негізінде, карантин режимі кезінде бірқатар шектеу шаралары қойылған. Осы бағытта Төлеби АПБ-ның полицейлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Осындай кезекті рейдтік шара барысында түскі уақытта Төлеби ауданының ауылдарының бірінде көкпар ойынының өтіп жатқаны анықталған. 100-ге жуық адам жинап бата көкпар ұйымдастырып, карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша құжаттар жинақталған Төлеби аудандық СЭББ-ға жолданды.

Сондай-ақ жыл басынан бері Төлеби ауданында жасырын түрде бес көкпар ойыны ұйымдастырылған. Тәртіп сақшыларының табанды еңбектерінің арқасында, дер кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көкпар ойындары тарқатылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін ұстануға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру