Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлік нөмірін заңсыз алып кеткен ер адамды анықтады

Түркістан облысының полицейлері көлік нөмірін заңсыз алып кеткен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-не арызданған жергілікті тұрғын өзіне тиесілі көліктің мемлекеттік нөмірін танысының заңсыз иелік етіп, алып кеткенін жеткізді.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы “Өзінше билік ету” бойынша тіркеуге алды.

Төлеби АПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті тәулік ішінде анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, арада болған келісімнің жүзеге аспағандығынан кек қайтаруды көздеп, ер адам теріс әрекетке барған. Саудадан түскен пайдадан 10 000 теңге бермегендіктен, көлігінің нөмірін алып кеткен. Жәбірленушіге көлік нөмірі қайтарылды.

Күдіктіге қатысты бұлтарпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру