Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы отбасыларға сыйлықтарын тарту етті

Түркістан облысында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері республикалық “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясын қарқынды өткізуде. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты Созақ ауданы аумағында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мәселен, Созақ аудандық полиция бөлімінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова бастаған әкімнің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірге бірқатар көпбалалы отбасылардың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Аудандағы 50-ден астам отбасының жай-күйі тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында медициналық бетперделер таратылды.

Осы бағыттағы жұмысты Жетісайлық тәртіп сақшылары жалғастырды. Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы Жанна Шалбекованың тікелей ұйымдастыруымен отбасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында Жетісай қаласындағы мектеп-гимназиясының бірінде оқушылардың қатысуымен “Біз бақытты отбасымыз” тақырыбында өлеңдер айтып,отбасылық құндылықтар дәріптелді. Оған қоса онлайн режимі арқылы, яғни қашықтықтан тапсырма беріліп, түрлі суреттер салынды.

Сонымен қатар, Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен Жетісай ауданындағы жағдайы төмен, қолайсыз отбасыларға көмек беру мақсатында көпбалалы отбасылардың біріне арнайы барып, қал-жағдайларын сұрап, ұл-қыздарының сабаққа онлайн қатысу тәртібімен танысып, азық-түліктер табыс етілді. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы көшелерінде әйел азаматшаларға “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” белгісі бар бетперделер тегін таратылды. “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы негізінде Жетісай қаласындағы С.Қожанов және М.Әуезов көшелері бойында баннерлер ілінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру