Түркістан облысының полицейлері марихуананы сақтау бойынша күдіктіні ұстады
«Қарасора – 2020» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ордабасы АПБ-нің полицейлері есірткі заттарын сақтау және пайдалану бойынша күдікті жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгілі бір аудан тұрғыны өз үйінде есірткі заттарын сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Тінту барысында жедел уәкілдер күдіктінің үйінен есірткімен бірге үш қағаз пакет пен есірткі бар өсімдіктің кептірілген бұтасын тәркіледі.
Полицейлер заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 17 гр болатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Ер адам түсіндіргендей, ол марихуананы өзі пайдалану үшін сақтаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.