Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері нотариуске ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері нотариуске ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның нотариус кеңсесінің сыртқы терезесін белгісіз біреу сындырып, ішіне заңсыз кірген. Содан екі рация, ішінде 15 мың теңге ақшасы бар әмиянын, Apple watch қолсағатын ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгеден асты. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Бәйдібек АПБ-нің тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын мұқият қарап шықты. Куәлардан жауап алды, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны 12 сағат ішінде көшелердің бірінен ұстады. Ол 2020 жылы Бәйдібек аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотты болып, жазасын өтеп шыққан. Десек те, өзінің соттылығынан оң нәтиже шығармай, қайта қылмыс жасаған.

Белгілі болғандай, күдікті ұрлық қылмысын жасаған сәтте мас халде болған. Ол терезенің темір торын бар күшімен тартып шығарып, терезесінің әйнегін таспен сындырған. Осылайша мекемеге заңсыз кіріп, қолына ілінгенін алып кеткен. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру