Түркістан облысының полицейлері қан тапсырды
Түркістан облысының полицейлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан қаншама адам қаза тауып, жарақат алады. Сондықтан жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу мен жол апаттарының алдын алу, болдырмау мақсатында 14 қарашадан бері «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясы басталған болатын.
Осы іс-шараға байланысты, сондай-ақ ҚР «Халық денсаулығы және оның денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексіне сәйкес, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Донор күнін өткізді.
Яғни, отырарлық 30-дан астам полиция қызметкері қан орталығына барып, қан тапсырды. Осы тұста айта кеткен жөн, киелі облыс полицейлері үнемі қан тапсырып, мұқтаждарға көмек көрсетіп тұрады.