Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында 78 қылмысты ашты
Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында 78 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде Түркістан облысының полицейлері 106 қылмысты тіркеп, оның 78-ін ашты. Сондай-ақ бұрын жасалған 6 қылмыс ашылып, екі іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
Бұдан бөлек тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған 3779 адамды тексерді. Оған қоса 3206 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 338 ұсақ бұзақылық дерегі болса, 235-і қоғамдық орындарда мас күйінде болу жайты.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша автокөлікті мас халде басқарудың 13 дерегі мен қарсы қозғалыс жолағына шығудың 16 жайты анықталды. Полицейлер аталмыш құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырып, құқық бұзушыларды жауапқа тартты.