Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері саябақта адасып жүрген бүлдіршінді анасымен қауыштырды

Түркістан облысының полицейлері саябақта адасып жүрген бүлдіршінді анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде «Жеңіс» саябағы ішінде жалғыз жылап жүрген бүлдіршін баланы байқады. Мән-жайды анықтау үшін полицейлер 4 жастағы балақайдың жанына барып, ата-анасы мен мекенжайын сұрайды. Алайда тілі толық шықпаған бүлдіршіннен нақты жауап ала алмайды. Содан тәртіп сақшылары адасқан баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері баланың ата-анасын жедел түрде тауып, дін аман табыстады.

Белгілі болғандай, кішкентай бүлдіршін үлкен ағасының үйден шыққанын көріп, артынан ілескен.

– Үлкен ұлым үйден шыққанда, кіші ұлым ашық тұрған есіктен көшеге шығып кетіпті. Даусы шықпай, үй маңайынан көрінбеген соң іздей бастадым. Шарасыз күйде тұрғанымда полиция қызметкерлері хабарласып, баламды адасып жүрген жерінен тауып алғанын айтты. Полиция қызметкерлеріне мың алғыс айтамын, – деді балақайдың анасы.

Полиция қызметкерлері бүлдіршіннің анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру