Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері қазақ күресінен жүлделі орынды иеленді

Абай облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Щучинск қаласында өткен қазақ күресінен сайыста үшінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Динамо дене шынықтыру-спорт қоғамының XI ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ XI спартакиадасы шеңберінде 2024 жылғы 1-3 сәуір аралығында Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында қазақ күресі бойынша жарыс өтті.

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

66 келі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды Абай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Ринат Сабралиев  иеленді. Сондай-ақ 90 келі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды Абай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы  Айдар Хасенов жеңіп алды.

Өз кезегінде департамент басшылығы мен жеке құрамы спортшыларды жеңіспен құттықтап, одан әрі спорттық және қызметтік жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру