Түркістан облысының полицейлері шетелдіктің телефон қаптағышынан гашиш тапты
Түркістан облысының полицейлері шетелдіктің телефон қаптағышынан гашиш тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Cарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда Келли атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға үріп, полицейлерге белгі береді.
Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдіктінің ұялы телефон қаптағышынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның гашиш екені расталды.
Ұсталған азамат Өзбекстан елінің тұрғыны болып шықты. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.