Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері спорттық жарыс өткізді

Түркістан облысының полицейлері спорттық жарыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен жеңістің 77 жылдығы мерекесіне орай “Жасөспірімдерге арналған спорт” ашық алаңында спорттық жарыс өтті. Шараға жеке құрам қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Жұматаев пен басқа да ардагерлер толық құрамда қатысты.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру. Аталған іс-шарада қатысушылар шағын футболдан, гир тасын көтеруден, турникке тартылудан, арқан тартудан, қол күрестен және тапаншамен атудан жарысты.

Жүлдеден үміткерлер өздерінің қаншалықты спортпен айналысатындықтарын көрсете білді. Жеңімпаздар арасында топ жарып, ерекше өнер көрсете білген полицейлерге бағалы сыйлықтар, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының грамотасы және Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хаты арнайы кубокпен бірге табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру