Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері телефон ұрлаған ер адамды ұстады

Түркістан облысының полицейлері телефон ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби АПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, өзі жұмыс жасайтын дүкеннің сөресінде тұрған Samsung Galaxy A8 телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті тексеріп, куәлардан жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті дүкенге азық-түлік алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөреде қуаттағышта тұрған ұялы телефонды алып кеткен. Осылайша қолды еткен затын үйіне алып барып, пайдалану мақсатында жасырып қойған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру