Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұландықтар ұрыны ұстады

Қарағандыда ұландықтар ұрыны ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 шілде күні сағат 21:30 кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген 5451 әскери бөлімінің әскери жасақтарына байланыс құралдары арқылы шұғыл ақпарат келеді. Онда белгісіз біреудің ашық тұрған сөмкеден 80 000 теңге көлемінде ақша ұрлап кеткені туралы айтылған. Бірден әрекет еткен әскери жасақ құрамы Хомми атты қызметтік иттің көмегімен қылмыскерді қолға түсіреді.

Ұсталған ер адамның бұрын сотталғаны анықталды. Аталмыш факті бойынша “Ұрлық” бабымен іс қозғалды.

Сол күні сағат 19:00 шамасында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің сарбаздары белгісіз азаматшаның жеке куәлігі мен әмиянын тауып алған. Әскери жасақ табылған зат бойынша басшылыққа баяндап, әмиянды иесіне тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру