Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның малын өзінше билік етіп алып қойған тұрғынды анықтады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның малын өзінше билік етіп алып қойған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда өзінің көршісі екі бас қойын өзінше билік етіп алып, 200 мың теңгеге жуық шығын келтіргендігі туралы көрсеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Істің ақ-қарасын ажыратып, жәбірленуші әйелдің қойларын өзіне қайтарып берді. Белгілі болғандай жәбірленушінің қойлары көршісінің ауласына кіріп кеткен. Оны көрген көршісі «бақшамдағы қиярларымды жеп қойды» деп, бірнеше қойдың ішінен екі бас қойды алып қалып, қалғанын шығарып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият және өз малдарына ие болуды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру