Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады
Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-ға КПБ-ның жедел уәкілі Қанат Нәжіметдиннен баянат түскен. Тәртіп сақшылары аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Хабар алысымен полицейлер бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті.
Осылайша, ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке-басы мен мекенжайы анықталды. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйінің ауласын тексеру барысында егіліп, бапталған алты түп есірткі заты анықталды. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түп «сора» есірткі заты болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.