Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер үйлену тойын тоқтатты

Шымкенттік полицейлер үйлену тойын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының полицейлері ағымдағы жылғы 21-тамызда Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан “Тұмар” тойханасы карантиндік талаптарды бұзып, сағат 18:50-де 60 адамнан қонақ шақырылған асатын үйлену той өткізіп жатқанын анықтады. Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру