Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері зейнеткерден 1 келіден астам көкнәр тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері зейнеткерден бір келіден астам көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өсіруге, сақтауға, сатуға заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында қазіргі таңда республика көлемінде “Қарасора-2021” және “Рефлекс-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осы шаралар барысында кезекті есірткі сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады. Нақтырақ айтсақ, ЕҚҚІҚБ-ға мақтааралдық тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүргені туралы жедел ақпарат түскен. Алынған хабарлама бойынша полицейлер шұғыл іздестіруге кіріседі.

Ақпарат көздері арқылы күдіктінің мінген көлігі анықталып, ол Келес ауданындағы көшелердің бірінде тоқтатылды. “Лада Приора” маркалы көлікті тоқтатып, тінту барысында, оның ішінде жолаушы болып отырған тұрғынға тиесілі пакетке салынған ішінде есірткіге ұқсас зат табылды.

Автокөліктің артқы орындығының астынан алынған затқа сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған есірткі тектес өсімдіктің салмағы 1 келіден астам “көкнәр” екені айқындалды. Ал күдікті Мақтаарал ауданының зейнет жасындағы тұрғыны болып шықты.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Облыс тұрғындарына ескертеміз, есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияға хабарласыңыз. Өз саулығыңыз үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру