Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Алматыдан тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, екі күн алдын түнгі уақытта 15 жастағы қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздері іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.

Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Есенбеков жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-жақындарынан жауап алынды. Қоғамдық көлік пен такси жүргізушілерінен сұрастырылды.

Соның нәтижесінде, 15 жастағы қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына жетіп, одан кейін Алматы қаласына кеткені белгілі болды. Яғни, полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Алматы қаласындағы туған әпкесінің үйіне барған.

Қазіргі таңда табылған қызды үйіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру