Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полиция қызметкерлері желіде таралған тойдың иесін тапты

Түркістан облысының полиция қызметкерлері желіде таралған тойдың иесін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталуына байланысты күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар аталмыш рейдтерден бөлек, Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге де мониторинг жасайды. Осындай жүргізілген жұмыстар кезінде Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары «WhatsApp» желісінде таралған бейнежазбаны назарға алды. Жеке құрамдағы басқа да полицейлерге бағыттама беріліп, карантин талаптарын бұзған тұрғынның түр-тұлғасы анықталды.

Белгілі болғандай Мақтаарал ауданы Атакент кентінің әйел тұрғыны өз үйінің ауласында 50-ге жуық адамның басын қосып, беташар тойын ұйымдастырған. Полицейлер тойды жасаған тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, СЭББ-ға жолдады. Осылайша атқарылған жұмыстардың негізінде карантин режимін бұзған тұрғынға тиісті органмен айыппұл салынды.

Осы сәтте облыс полицейлері барша тұрғындарды карантинге бағынып, өзгелердің өмірін қауіп-қатерге тікпеуге, сақтық шараларын, оның ішінде бетперделік режим мен арақашықтықты ұстану, той-жиын секілді басқа да адамдардың басын қоспау қажеттілігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру