Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа тұрғызып беремін: қызылордалық алаяқ ұсталды

Қызылордада “жұмысқа тұрғызып және жер алып беремін” деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуірде Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Арызда ол желтоқсан және қаңтар айларында танысы сеніміне кіріп, жолдасын “жұмысқа тұрғызып беремін” және “қала көлемінен жер алып беремін” деп жалпы соммасы 750 мың теңге ақшасын алдап алған алаяқтың арбауына түсіп, құрбаны болғанын көрсеткен. Алаяқ осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған, ақшаны да қайтармаған.

Қызылордалық полицейлердің жедел іздестіру шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол қала орталығының тұрғыны екені белгілі болды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру