Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 35 жастағы ер адам тұрмыстық заттарды ұрлап, сатып жіберді

Қызылордада ұрланған заттар өз иелеріне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуір күні Қызылорда қаласы Титов қыстағының тұрғыны тұрмыстық заттарын, яғни металл трубаларының ұрланғандығы туралы хабарлама берген. Аталған хабарламаға Қызылорда қалалық ПБ-ң Ақсай полиция бөлімінің жедел тергеу тобының қызметкерлері және аймақтық учаскелік полиция қызметкерлері уақытылы барып, жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Нәтижесінде 35 жастағы азамат күдікті ретінде ұсталды. Күдікті өзінің жасаған қылмысын толықтай мойындап, яғни ұрлаған затын темір қабылдайтын орынға өткізгенін айтқан. Ұрланған зат айғақ зат ретінде алынды. Күдікті бұдан өзге ұрлығына қатысы бар екені тексерілуде.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру