Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері “Таза көше, таза қала, таза ауа” атты сенбілік өткізді

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері “Таза көше, таза қала, таза ауа” атты сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенбілікке мекеменің 50-ден аса қызметкері қатысып, жақсы көңіл-күймен тазалау, ағарту, сырлау жұмыстарын жүргізді.

– Сенбілікке мекеме қызметкерлері өз еріктерімен қатысты. Барлық қызметкерлер сапқа тұрып, топтарға бөлінді және әр топқа мекеме ауласындағы бөліктер бөлініп берілді. Сенбіліктің көңілді өтуі үшін мекеме әкімшілігі музыкалық сүйемелдеу қойды. Әр бөлінген топ өз бөліктерін нақтылап біліп алғаннан кейін қолдарына тырма мен қап алып, мекеме аумағын тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ шөп пен жапырақтардан тазартты және бетондарды бояды. Бұл күні алаңды тазарту мен әсемдеу үшін барлығы шын көңілмен, қуанышпен өз үлестерін қосты. Сенбілік жағымды атмосферада өтті, – деді мекеме бастығының орынбасары Гариб Шаихов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру