Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері алтын бұйымдар ұрлығын ашты

Петропавл полицейлері алтын бұйымдар ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір күні Петропавл тұрғыны полицияға алтын бұйымдарының ұрланғанын айтып жүгінген. Шығын сомасы 500 теңгені құрады. Иесі нақты жоғалған күнін айта алмады, өйткені бағалы затының жоғалғанын біраздан соң анықтаған. Дей тұрғанмен, жәбірленушінің әңгімесінен, наурыз айының соңында танысымен бөтелкелес болғанын естіген полицейлер, кімнен сезіктену керек екендігін бірден түсінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әйелдің танысының қатыстылығы расталды. 39 жастағы қалалық мүліктік қылмыс жасағаны үшін 2004 жылы сотты болған екен. Күдіктіден облыс орталығындағы ломбардтардың біріне тапсырған алтын бұйымдардың кепілдік билеті алынды. Ол алтын алқа мен мойынға асатын кішкентай крестті 75 мың теңгеге тапсырған. Бұйымдарды ломбардтан алу жоспарланып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Бүгінгі күні пәтер ұрлықтарының басым бөлігі бірлескен отырыстардан соң жасалып жатады, – деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов. – Спирттік ішімдікті асыра пайдаланудың соңы түрлі заң бұзушылықтардың жасалуына әкеп соғатынын есте сақтаған жөн. Құнды заттарыңызды қараусыз әрі көрінентін жерге тастамаған абзал. Егер пәтеріңізде құнды заттар болса, мәселен, кешкілікте бөлмелердегі жарықпен сырттан көрінбейтіндей етіп, шаралар қабылдаңыз. Қалалықтарға мүліктерінің сақтылығы, ең алдымен, өздерінің қырағылықтарына байланысты екендігін ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру