Түркістан облысының полициясы тұрғындарды интернет-алаяқтықтан сақтануға шақырды
Түркістан облысының полиция қызметкерлері облыс көлемінде интернет-алаяқтық қылмыстарын болдырмау және алдын алу бойынша жүйелі іс-шаралар атқарып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында облыс көлемінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, сауда орталықтарында, базар мен көшелерде аталған қылмыстың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шаралары халыққа жеткізілді.
Түркістан облысының полиция департаменті Түркістан облысының қонақтары мен тұрғындарына қазіргі заманның қылмыскерлері – алаяқтарға алданбау үшін, әрбір шалынған қоңырауларға мұқият болуға және күдік тудыратын хабарлама мен жарнамаларға сенбеуге кеңес береді. Және осындай жағдайлар орын алған жағдайда дереу полицияға хабарласуды сұрайды.