Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тәртіп сақшылары шекарада Ресей азаматын гашишпен ұстады

Түркістан облысының тәртіп сақшылары шекарада Ресей азаматын гашишпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары “Атамекен” кеден бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматын құрықтаған. Өзбекстан Республикасынан өзінің “ДАФ” маркалы көлігімен келе жатқан ер адам ҚР шекарасы арқылы айналыстан алынған затты алып өтпекші болған. Нақтырақ айтсақ, “Магистр” атты ит белгі беріп, тәртіп сақшылары аталған азаматты тексеру барысында оның шұлығынан есірткіге ұқсас зат табылған. Сараптамаға сәйкес алынған заттың жалпы салмағы екі грамға жуық гашиш екендігі белгілі болған.

Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта есірткі затын сақтау мен шекарадан жасырын өткізу бойынша жинақталған материалдар шешім қабылдану үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері айналыстан алынып тасталған заттарды қолдану, сақтау, өткізу, тасымалдаудың соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді. Мұндай теріс қылықтан барынша сақтаныңыз. Ғасыр дертіне айналған есірткіге құмарлықты жою жолында өз үлестеріңізді қосыңыздар. Егер де сізге қандай да бір ақпарат белгілі болса, бірден “102” телефоны арқылы полицейлерге хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру