Түркістан облысының тұрғындары полицияға 120 атыс қаруын тапсырды
Түркістан облысының тұрғындары полицияға 120 атыс қаруын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын құқық бұзушылық, қылмыстардың алдын алу мақсатында Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіліп жатыр.
Акция басталған 24 тәулік ішінде облыс бойынша 90 азамат өз еркімен 120 атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 16-сы кіші ойық калибрлі мылтық болса, 104-і тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 700-ден астам түрлі калибрлі патрон.
Айта кетсек, тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін, қарудың техникалық жағдайына байланысты комиссия отырысында қаражат төлеу туралы шешім қабылданады. Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.