Түркістан облысының тұрғыны ауласында сора өсірген
Түркістан облысының тұрғыны ауласында сора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-нің ЖПҚ УПИ Бақытжан Тұрсынбаев аумақты аралап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Ордабасы ауданы тұрғынының үйінің ауласындағы бақша ішінде есірткі өсіретіндігін анықтаған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Ордабасы АПБ-ның жедел-тергеу тобы хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында күдіктінің ауласынан түбі қопсытылып, суғарылып, күтіп-бапталған бес түп жасыл түсті, өзіне тән айрықша хош иісі бар, есірткіге ұқсас өсімдік заты анықталды.
Айғақты зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдік сора болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.