Түркістан облысының тұрғыны танысының атынан заңсыз онлайн несие рәсімдеп алған
Түркістан облысының тұрғыны алыс танысының атынан заңсыз онлайн несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Төлеби АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, алыс танысы оның банк қосымшасы арқылы өзіне ақша аударып аламын деп алдап, 600 мың теңгеге несие рәсімдеп алған.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Осындай жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ адамды ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат көздері арқылы екі тәулік ішінде күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, ПБ-ға жеткізді. Полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынның ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.