Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша алдын алу шараларын іске асыруда.

Арнайы операцияның нәтижелері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қаласындағы ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті.

Қалалық Полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру