Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта өзімен бірге марихуана алып жүрген ер адам ұсталды

Қазығұртта өзімен бірге марихуана алып жүрген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу шараларын тұрақты жүргізіп, күн тәртібінен түсірген емес.

Мәселен, полицейлер “Қарасора – 2022” іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамды тексеру кезінде ол өз еркімен полиэтилен пакетке оралған бір бума есірткіге ұқсас затты ұсынды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындады. Нәтижесінде, оның марихуана есірткісі екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру