Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 117 мас жүргізушіні ұстады

Ақмола полицейлері 117 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартуда тәжірибеде жиі кездесетін жағдайлардың бірі – көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқару, өйткені мас жүргізуші жоғары қауіп төндіреді, бұл тиісінше жол-көлік оқиғаларының санына әсер етеді.

“Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қайғылы салдарға әкелуі мүмкін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау бөлігінде жұмысты жандандырды.

15 күн ішінде патрульдік полиция бөлімшелерінің жасақтары облыстағы авариялық деңгейіне айтарлықтай әсер ететін 7 600 бұзушылықты анықтап, жолын кесті, оның ішінде 117 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.

Сонымен қатар, тәжірибе көрсетіп отырғандай, мас күйінде автокөлікті жүргізіп отырған, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің санаттары да кездеседі. “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері осындай 30 фактіні анықтады. Айта кету керек, бұл бұзушылықтар әкімшілік жауапкершіліктен басқа, қылмыстық жауапкершілікке де алып келеді.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде жылдамдық режимін арттырудың 3 690 фактісі “Ekin Patrol” кешенімен анықталды, 1 311 автокөлік иесі қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 99-ы бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен. Тағы 44 жүргізуші өз көлігін тиісті рұқсатсыз заңсыз қайта жабдықтағаны үшін, 21 жүргізуші авариялық жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартылды, үш автокөлік жүргізушісіне қарсы жолға шыққаны үшін айыппұл салынды.

Жаяу жүргіншілердің белгіленген ережелерді сақтауы да ерекше назарда. Акцияның 15 күнінде 920-дан астам жаяу жүргінші өз өміріне қауіп төндіре отырып, жол ережесін бұзды, тағы 110 автокөлік иесі жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы 18 тамызда аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру