Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері саптық байқау өткізді

Түркістан полицейлері саптық байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

– Әрбір полицейдің сыртқы көрінісі жинақы әрі мұнтаздай таза, формасы денеге қонымды, қолайлы болуы тиіс. Бұл бағытта министрлік тарапынан жаңа нысандық киім даярланып, бүгінде жеке құрамға берілуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшысының құжаты, қызметтік көлігі де талапқа сай болуы шарт. Осы мақсатта әрқайсыңа осы талаптардың үдесінен шығуды тапсырамын, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Мәселен, облыстың бас полицейінің бұл тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев жеке құрамның дайындығы мен автокөлік қызметінің даярлығын тексерді. Аталмыш саптық байқауға 230 полиция қызметкері және 30-дан астам автотранспорт бірлігі қамтылды. Атап өтсек, ПБ-ның 118 қызметкеріне жаңа форма берілген.

Сондай-ақ, саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетіне басты назар аударылды. Сонымен бірге қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, саптық тексеруден кейін Түркістан ҚПБ жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның жұма, сенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және де жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп жүретін көшелерге рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттарда жұмыстар атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру