Түркістан полицейлері бейнебақылау камералары арқылы ұрлық қылмысын әшкереледі
Түркістан полицейлері бейнебақылау камералары арқылы ұрлық қылмысын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының кезекті бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, құрылыс құралдарының қолды болғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер қоймадан құны шамамен 300 мың теңгені құрайтын үш дәнекерлеу машинасы мен перфораторды жымқырған.
Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары ауланы аралап, кәугерлерден жауап алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын да ұқсас әрекеттер жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны екені анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталады.