Түркістан полицейлері мас күйде өзгенің велосипедін ұрлаған тұрғынды анықтады
Түркістан полицейлері мас күйде өзгенің велосипедін ұрлаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның ауласынан белгісіз біреу велосипедін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан қаласының полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Анықталғандай, сезікті ер адам мас күйде бөтеннің велосипедін жымқырған. Бүгінде ұрланған мүлік өз иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.