Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері облыс аумағында 5,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Борышкер” шарасы аясында 5,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Нәтижесінде полицейлер 5 тәулік ішінде 5592 әкімшілік хаттама толтырып, 209 автокөлік айыптұраққа қойылды. Оның ішінде 25 көлік “Автоураган” мобильді кешенінің көмегімен анықталды.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты мекенжайлар бойынша 3291 азаматқа салынған айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы нұсқама таратты. Құқық бұзушылардың жұмыс орындарына 272 ұйғарым, ал жеке сот орындаушыларына 1535 қаулы жіберілді.

Сондай-ақ әкімшілік айыппұлдары төленбеген автокөлік құралдарын анықтау жұмыстары “Автоураган” мобильді кешендерінің, жедел басқару орталығының және “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының мүмкіндіктері арқылы жүргізілді.

Полиция қызметкерлері “Борышкер” іс-шарасы барысында, “Автоураган” кешенінің көмегімен “Қорғау” бағдарламасы арқылы Daewoo Nexia автокөлігін анықтап, облыс тұрғынының 700 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлдары үшін көлігін айыптұраққа қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру