Түркістан полицейлері қайырымдылық іс-шарасын жалғастыруда
Түркістан полицейлері қайырымдылық іс-шарасын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері қатарында жаны жомарт, қайырымды, адамгершілігі мол, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, өз елінің нағыз патриот офицерлері қызмет атқарады.
Қорғансызға қорған бола білген ішкі істер саласының қызметкерлері көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларды назардан тыс қалдырмай, үнемі қолдау білдіріп келеді.
Мәселен, түлкібастық полицейлер кезекті қайырымдылық іс-шараларын жалғастырып, үш отбасыға азық-түліктер таратты. Яғни жағдайы төмен отбасылардың мүшелерінің хал-жағдайын сұрап, апарған күнделікті тұтынуға қажетті өнімдерін үлестіріп берді.
Өз кезегінде асыраушысынан айырылған аналар полицейлерге алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді.
Қайырымдылық – адамның келесі адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін сүйіспеншіліктің көрінісі екені даусыз. Сондықтан, бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!