Түркістан полицейлері қамаудағы ер адамның алаяқтық қылмысын анықтады
Түркістан полицейлері қамаудағы ер адамның алаяқтық қылмысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан күдіктінің қылмыстық тарихын қарау барысында оның бұрын жасалған тағы бірнеше алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды.
Түркістан ҚПБ-ның жедел уәкілдері тексеру барысында күдіктінің 2020 жылдың қыркүйек айында ғаламторға «Түркістан қаласынан пәтер жалға беремін» деп жалған жарнама қойып, үш бірдей тұрғынды алдағаны анықталды.
Жәбірленуші Төлеби ауданының тұрғыны жарнаманы көріп, күдіктімен телефон арқылы келісіп, алдын ала төлем үшін 10 000 теңге тастаған. Ал түркістандық тұрғынның бірі 5000, ал енді бірі 70 000 теңге ақшасын салып жіберген. Ақша жібергеннен кейін жәбірленушілер күдіктімен байланыса алмай қалған.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.